«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төмен болып табылмайтын лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман-бухгалтер.


Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453 Заңы - скачать

Мемлекеттік қызметтің имиджі
Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі
Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі еңбек заңнамасында қарастырылған қызметкерге жалпы ескерту жариялаудан ерекшеленеді.
Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі мен ерекшелігі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген.
Түсініктеме
Қызметшілер тарапынан азын-аулақ іс-әрекет жасалған жағдайда, сонымен қатар мемлекеттік органның тәртіптік комиссия (одан әрі — Комиссия) теріс қылық туралы деректерді қарастырғанға дейін кадрлық қызмет немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғаларымен қызметшіден жазбаша түсініктеме сұратып алуы қажет.
Егер қызметші жазбаша түсініктемеде осы теріс қылықты өзім істедім деп келіссе, онда мемлекеттік орган басшысы қызметтік тергеу жүргізусіз ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға құқығы бар.
Қызметтік тергеу
Егер қызметші өзінің жазбаша түсініктемесінде осы теріс қылықты істедім деп келіспесе, онда мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесімен анықталған тәртіпке сәйкес қызметтік тергеу жүргізілуі тиіс.
Қызметтік тергеу барысында кадрлық қызмет немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары теріс қылық жасау және басқа да тергеу негіздерінің жағдаятына қатысты жанжақты және толық материалдар мен мәліметтерді жинап, дәлелді қорытындыға сәйкес материалдарды мемлекеттік органның әртүрлі бөлімшелеріне тапсыратын үш мүшеден тұратын және мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын Комиссияға қарастыруға тапсырады.
Егер қызметтік тергеу нәтижесінде қызметші қылмыс белгісін көрсететін іс-әрекетке барғанықталса, мемлекеттік орган немесе уәкілетті орган басшысы бірден алған материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыру қажет.
Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен, өкімімен белгіленеді.
Саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы актілер төмендегідей болуы мүмкін:
·         Республика Президентінің Жарлығы немесе өкімі;
·         Республика Үкіметінің қаулысы;
·         Республика Премьер — Министрінің өкімі;
·         Орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының және басқа да уәкілетті лауазымды тұлғалардың бұйрықтары немесе заңнамамен қарастырылған басқа актілер;
·         Жазалау туралы актіде жазаға тартылатын тұлға, теріс қылық жасағаны үшін жаза мен жаза түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік органның кадрлық қызметі тәртіптік жаза қолдану туралы өкім шыққан сәттен үш күндік мерзімде тәртіптік жазаға тартылған қызметшіні актіге қол қою жолымен таныстыруға міндетті.
Ескертулер мен жазалар туралы актілер және мәліметтер қызметшінің атқарған қызметтерінің тізіміне енгізу жолымен мемлекеттік органның кадрлық қызметімен ескеріледі.
Тәртіптік ретте жазаланатын, жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметшіге мемлекеттік орган басшысымен белгіленген жазалар туралы, ақпарат кадрлық қызметпен ҚР Бас прокуратурасының арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі Комитетке міндетті ұсынуға жатады.
Қызметшінің түсініктеме беруден бас тартуы
Егер мемлекеттік қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартса, онда бұл жаза қолдануға кедергі болуы мүмкін.
Сонымен бірге, қызметтік тергеу материалдарын Комиссияға қарауға тапсыру және қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанға қатысты қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы жағдайында жаза қолдану туралы шешімді қабылдау үшін кедергілер жоқ.
Мұндай жағдайда кадрлық қызмет қызметкерімен немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен түсініктеме беруден бас тартуы туралы сәйкесінше акт жасайды.
Тәртіптік жаза кіммен салынады
Тәртіптік жаза лауазымдық өкілдігіне сәйкес құқығы бар тұлғалармен салынады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшіге қатысты мұндай тұлға мемлекеттік орган басшысы болуы мүмкін.
Осылайша, мемлекеттік орган басшысы өздігінен немесе Комиссия ұсынысының негізінде келесідей шешім қабылдайды:
·         сәйкесінше жаза қолданады;
·         материалдарды қосымша тергеуге жолдайды;
·         жаза қолданбайды.
Саяси қызметкерлерге қатысты тәртіптік жаза салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың нақты тізбесі анықталған. Қызметшілерге жаза:
·         Мемлекет Басшысымен тағайындалатын, Мемлекет Басшысының мемлекеттік орган немесе басқа уәкілетті лауазымды тұлғасы, осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсынысы бойынша немесе өзінің жеке бастамашылығы бойынша жазаланады;
·         Президент Әкімшілігі, Әкімшілік Басшысымен тағайындалатын — Әкімшілік Басшысының жеке бастамашылығы немесе Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі басшыларының ұсынысы бойынша;
·         Премьер — Министр Кеңсесі және орталық атқару органдары — Үкіметпен немесе Премьер — Министрдің жеке бастамашылығы немесе сәйкесінше Кеңсе басшысы, Үкіметтің басқа мүшелері, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдары басшыларының ұсынысы бойынша;
·         Парламент Платасы аппараты — Палата Төрағаларының ұсыныс бойынша осы Палаталардың Бюросы;
·         Жергілікті атқару органдары — осы атқару органдарының жоғары тұрған басшылары;
·         Басқа саяси мемлекеттік қызметшілер — өзінің жеке бастамашылығы бойынша мемлекеттік орган басшылары немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсынысы бойынша.
Тәртіптік жаза қолдану кезіндегі шектеулер
Қызметшіге жаза қолдану туралы жұмыс берушінің актісі мынадай кезеңдерде шығарылмайды:
·         қызметшінің уақытша жұмысқа жарамсыздығы;
·         қызметшінің демалыста болуы;
·         қызметшінің іссапарда болуы.
Қызметшіге әрбір тәртіптік теріс қылық үшін тек бір ғана тәртіптік жаза қолданылады.
Еңбек Кодексімен және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында қарастырылмаған тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі
(Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары)
Ескерту. Ар-намыс кодексі жаңа редакцияда — ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1180 Жарлығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны — Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрі — Кодекс) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда — орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда — орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.
2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары
5. Мемлекеттік қызметшілер:
1.    заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
2.    Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
3.    жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
4.    мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
5.    Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
6.    адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
7.    мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
8.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
9.    Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
10.  мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
11.  лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
12.  жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
13.  кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
14.  қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
15.  басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесуге;
16.  өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
17.  бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
18.  басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер беруге;
19.   мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
20.  ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
21.  қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
22.  өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстануға тиіс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.
6. Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиіс.
7. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасысын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс. Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы
8. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.
9. Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті. Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолдануға міндетті. Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.
10. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.
11. Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуі тиіс.
12. Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.
13. Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс.
14. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
4. Көпшілік алдында сөйлеу
15. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.
16. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
1.    мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес немесе;
2.    жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
3.    мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
17. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.
5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы
19. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.
20. Мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауға тиіс.

Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады
Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан — 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында қазақстандық қоғамның дамуының негiзгi бағыттарының бiрi ретiнде қоғамға қызмет ету мен мемлекеттiк басқарудың жаңа мiндеттерiне сай мемлекеттiк басқарудың жаңа түрiн қалыптастыру көрсетiлген. Ұлт басшысы халыққа және мемлекетке қызмет етудi ең жоғарғы орынға қоятын кәсiби мемлекеттiк аппаратты қалыптастыру мiндетiн қойып отыр.
2013 жылдың 26 наурызында «Мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң өз күшiне ендi. Мемлекеттiк қызметтiң үш корпусы қалыптасты: саяси мемлекеттiк қызметшiлер корпусы, басқарушылық «А» корпусы, атқарушылық «Б» корпусы. Мемлекеттiк қызметке iрiктеу, персоналды бағалау мәселелерiн реттейтiн бiрнеше заңнамалық актiлер құрастырылып, бекiтiлдi, «А» корпусы да, «Б» корпусының да әкiмшiлiк лауазымдарына жаңа бiлiктiлiк талаптар құрастырылды.
Заңның басымдылықтары:
·         кадрларды iрiктеу және ауыстыру барысында меритократия принципiн ұстану;
·         басқарушылық «А» корпусын қалыптастыру;
·         мемлекеттiк қызмет персоналын басқару тетiктерiн және институттарын жетiлдiру;
·         тәртiптiк және этикалық бақылауды қамтамасыз ету.
Жаңа заңнаманың нормалары, ең алдымен, мемлекеттiк қызметке түсудiң тиiмдi де ашық тәртiбiн қамтамасыз ететiн заманауи кадрлық технологиялар енгiзуге, мемлекеттiк қызметшiлердiң үздiксiз кәсiби даму мүмкiндiгiне, жұмыс нәтижесi мен қолдау көрсету жүйесiнiң байланысына, түптеп келгенде халықтың мемлекеттiк аппаратқа деген сенiм деңгейiнiң артуына бағытталған.
Заңды орындау үшiн Мемлекет басшысының 12 Жарлығы мен Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 5 бұйрығы шығарылды.
Жаңа Реестрге (тiзiлiмге) сәйкес саяси лауазымдарға мемлекеттiк органдар басшыларының және олардың орынбасарларының лауазымдары, облыс әкiмдерi және олардың орынбасарлары, облыс орталықтарының әкiмдерi, өзге де басшылық лауазымдар жатқызылды.
Ал «А» корпусына жауапты хатшылар, мемлекеттiк органдар және облыс әкiмi аппараттарының басшылары, комитеттер төрағалары, Президент әкiмшiлiгi секторларының меңгерушiлерi, облыстың қалалары мен аудандарының әкiмдерi, облыстық ревизиялық комиссиялар төрағалары мен мүшелерi және т.б. лауазымдар жатады.
«А» корпусында екi санат бекiтiлген. 2-санатқа құқықтық мәртебесi «Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңмен анықталған облыстық ревизиялық комиссиялар төрағалары мен мүшелерi жатады. Бұл лауазымдарға тағайындауды немесе лауазымнан босатуды мәслихаттар жүзеге асырады.
«А» корпусының өзге лауазымдары 1-санатқа жатқызылады.
«А» корпусының кадрлық резервiн қалыптастырумен Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кадрлық саясат бойынша Ұлттық комиссия айналысады.
«А» корпусының кадрлық резервi арнайы бiлiктiлiк талаптарға сай азаматтар арасынан iрiктеледi. Олардың бiлiмi, жұмыс тәжiрибесi, кәсiби бiлiмi мен бiлiгiне талап қойылады. Мұнда бiрдей арнайы бiлiктiлiк талаптар қойылатын лауазымдар топтарға бiрiктiрiлген.
Ұлттық комиссия өзiне артылған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында «А» корпусының кадрлық резервiне үмiткерлердiң жеке iстерiн, «А» корпусы қызметшiлерiнiң қызметiне байланысты материалдарды қарастырады, олармен сұхбаттасу жүргiзедi және қажеттi кадрлық шешiм қабылдайды.
Iрiктеудiң бiрiншi кезеңi заңнаманы бiлуге тестiлеу, басқарушылық және жеке қабiлеттерiн анықтауға бағытталған тестiлеу, IQ деңгейiн анықтауға арналған логикалық тестiлеу, КАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тiлдi бiлуге тестiлеу.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмысындағы тұрақтылықты және ведомство iшiндегi iзбасарлықты қамтамасыз ететiн тиiмдi тетiктер қалыптастыру үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң «А» корпусының лауазымында болудың 4 жыл мерзiмi бекiтiлген. Бұл мерзiмдi тағы осындай мерзiмге ұзарту мүмкiндiгi берiлген.
Заңның жаңалықтары әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң «Б» корпусын да қамтыған.
«Б» корпусы лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына сәйкес А-1, А-2, В-1, В-2, С-1, С-2 санаттарының лауазымдары үшiн еңбек өтiлi бойынша талаптары күшейтiлiп отыр. Сонымен қатар ғылыми атағы бар азаматтар үшiн еңбек өтiлi бойынша жеңiлдiктер қарастырылған.
Заңға және Агенттiк төрағасының бұйрығына сәйкес «Б» корпусының лауазымдарын иелену үшiн өткiзiлетiн конкурстарды өткiзу ережесi де өзгертiлдi.
Бұдан былай тестiлеудi Агенттiк немесе оның аумақтық бөлiмшелерi азаматтардың өтiнiш беруiне қарай, конкурстық процедуралардан тыс өткiзедi. Ол үшiн көп құжаттардың қажетi жоқ. Үмiткерлер тестiлеу күнi мен уақытын өз қалауымен анықтайды. Егер қажеттiлiкке байланысты және залда бос орын болса, бiрден тестiлеуден өте алады.
Заңнамаларды бiлуге қойылатын талаптар күшейтiлдi. Барлық лауазымдардың санаттары үшiн тестiлеу бағдарламасына «Президент» туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Үкiмет туралы» Конституциялық заңдар, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдар енгiзiлген.
Мемлекеттiк органның «Б» корпусының лауазымдарын иеленуге өткiзетiн конкурс келесi кезеңдерден тұрады: хабарландыру беру — құжаттар қабылдау — сұхбаттасу өткiзу — конкурстық комиссия шешiмi.
Мұндағы негiзгi жаңашылдық — конкурсқа тестiлеуден өткендiгi туралы сертификаты бар үмiткер жiберiлетiндiгi. Осылайша конкурсты өткiзудiң уақыты анағұрлым азаяды.
Жаңа заңнама бойынша бақылаушылар институты енгiзiлдi, яғни конкурстық комиссия құрамына сәйкес саланың эксперттерi кiргiзiледi.
«Б» корпусының кадрлық резервiн қалыптастыру және пайдалану тетiктерi өзгертiлдi.
Кадрлық резерв үш көзден қалыптастырылады:
1) конкурс нәтижесiнде ұсынылғандар;
2) мемлекеттiк тапсырыспен және шетелдерде бiлiм алғандар;
3) халықаралық ұйымдарға немесе өзге мемлекеттерге жұмысқа жiберiлгендер.
Тағы бiр жаңашылдық — конкурстық комиссия ұсынған резервтегi үмiткер өзiн ұсынған мемлекеттiк органға ғана жұмысқа орналаса алады.
Осылайша «мемлекеттiк органдар арасындағы уағдаластық» арқылы конкурстық процедураларды айналып өту тәжiрибесiне жол берiлмейдi.
Заңға сәйкес ауыстыру арқылы лауазымды иелену тек мемлекеттiк органның, аумақтық бөлiмшелерiн қоса оның ведомствосының iшiнде және олардың арасында ғана iске асырылады.
Конкурстан тыс ауыстыру арқылы тағайындаулар тек Мемлекет басшысы бекiткен тәртiпте ғана рұқсат етiледi.
Жаңа заңнамада мемлекеттiк органдардың ұсыныстары ескерiле отыра жұмыс орнының (лауазымның) сақталуы келесi жағдайларда қарастырылған:
1) мемлекеттiк орган мемлекеттiк қызметшiнi жоғарғы оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс аясында оқуға жiберу жағдайы;
2) мемлекеттiк қызметшiнi жедел әскери қызметке шақырту жағдайы;
3) тағлымадан өту жағдайы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемкорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормалары басшылыққа алуы тиіс:

Мемлекеттік кызметші билік пен өз өкілектерін қолдана білуі және адал болуы керек.
Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игіліне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?" деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оңы қоршаган дуалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.
Мемелекттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.
Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.

Государственный служащий должен руководствоваться следующими
этическими нормами.
 
1. Он должен уметь распоряжаться властью и полномочиями и при этом быть честным.
2. На государственной службе нужно работать на благо государство, а не ради собственного благополучия, не путать государственные средства с собственным карманом.
3. Чиновник должен жить, не боясь вопроса «На что живешь?», так как должно быть оснований для появления снимков его вилл, высоких заборов вокруг них и дорогих иномарок.
4. Важно жить в полном согласии с требованиями законов.
5. Нужно на любом посту, на любой должности работать так, чтобы ни при каких обстоятельств не утратить доверия народа, граждан своей страны.
6. Казахстанский государственный служащий должен быть примером справедливости, скромности, уметь вести себя среди людей.
7. Прежде чем руководить коллективом, он должен сам научиться подчиняться, уметь выполнять то, что требует от своих сотрудников.
8. Надо немедленно вмешиваться, принимать меры, если видишь, что наносится ущерб интересам государства или готовится коррупционное деяние.
Это только часть моральных требований к работникам органов государственного управления.
Мы должны воспитать, привести на государственную службу и к власти именно таких людей, которые строго выполняют отмеченные мною этические нормы.
Это и есть истинные патриоты Родины, которые сделают все для её процветания.
Имидж государственной службы
Формирование и укрепление позитивного имиджа государственной службы
Важнейшим условием эффективности делового общения государственного служащего является знание им своих собственных коммуникативных возможностей, уровня коммуникативной компетентности. Известно, что чаще всего на государственную службу идут уверенные в себе люди, многие из которых считаются успешными, способными во всех отношениях, в том числе и в области делового общения. Часто эта уверенность оказывается обычным заблуждением, и государственный служащий узнает о собственных коммуникативных проблемах.
Сегодня становится очевидным то, что подготовка государственных служащих требует от них не только глубоких творческих знаний и определенных практических навыков в решении различных управленческих задач и ситуаций, но и умения общаться, вести себя в обществе, проводить совещания, деловые беседы, не терять самообладание перед софитами камер, иметь навыки общения с прессой и дипломатическим корпусом.
В данной иерархии системообразующими являются ключевые компетенции, овладение которыми рассматривается в качестве главного целевого ориентира при построении учебного процесса на компетентностной основе.
Способность государственного служащего владеть ключевыми компетенциями и осуществлять их обусловливается особой структурой сознания слушателя - его компетентность как универсальной способностью знать, понимать, владеть способами деятельности, прогнозировать, действовать, рефлексировать свои действия и нести ответственность за них в процессе своей деятельности.
Перечень ключевых компетенций определяется на основе главных целей общего образования, структурного представления социального опыта и опыта личности, а также основных видов деятельности государственного служащего, позволяющих ему овладеть социальным опытом, получать и передавать навыки жизни практической деятельности в современном обществе.
Основными требованиями в деловом общении, предъявляемыми государственному служащему являются: качества как коммуникабельность (способность легко сходиться с людьми), эмпатичность (способность к сопереживанию), рефлексивность (способность понять другого человека) и красноречивость (способность воздействовать словом). Эти качества составляют набор природных дарований, обозначаемых понятием «умение нравиться людям». Обладание данными способностями и постоянные упражнения в их развитии - залог успешного создания личного имиджа.
Во вторую группу входят характеристики личности связанные с ее образованием и воспитанием. К ним относятся нравственные ценности, психическое здоровье и способность к межличностному общению.
К третьей группе следует отнести то, что приобретается с жизненным и профессиональным опытом. Особенно ценно, когда этот опыт помогает человеку обострить интуицию на ситуацию общения.
Какая-либо самоуверенность и стереотипное поведение негативно воздействуют на восприятие людьми личности, которая заинтересована в признании и доброжелательном к себе отношении. Во многих случаях имидж - это результат умелой ориентации в конкретной ситуации, а поэтому правильного выбора своей модели поведения.
Сегодня мы становится свидетелями, когда складывается корпоративный имидж государственной службы как социального института. Безусловно, главной составляющей создания корпоративной идентичности является реальная работа организации, на основе которой и могут выявляться корпоративные характеристики. В идеале имидж государственной службы должен стать ответом на желания общественности.
Персональный имидж присущ каждому человеку, и связан он с неповторимым своеобразием каждой личности.
В связи с этим уже сейчас можно определить ключевые направления предстоящих реформ в системе государственной службы, повышения статуса формирования позитивного имиджа среди госслужащих:
Имидж - сознательное явление, он не существует только на уровне отдельного человека, то есть, объект должен быть известен какой-либо группе людей (партнеров, потребителей, клиентов);
Благоприятный имидж должен иметь точный адрес, вызывать к себе интерес, привлекать определенные группы партнеров;
Имидж активен по своей сути, он способен воздействовать на сознание, эмоции, деятельность как отдельных людей, так и целых групп;
Имидж не является чем-то однажды заданным, сформированным, он динамичен, его атрибуты преобразуются, видоизменяются в соответствии с изменениями в самом себе;
Имидж должен быть пластичным, оперативно изменятся, откликаясь на экономические, психологические, социальные условия;
Имидж должен быть правдоподобным (соответствовать тому, что есть на самом деле или производить такое впечатление), в противном случае имиджу не верят, и он не достигает поставленной цели.