slide 1 kaz



«Ashyq Turkistan» жобасы

«Түркістан-адалдық алаңы» аясында жүзеге асып отырған «Ashyq Turkistan» жобасы өңірлердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, қоғамның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ыңғайлы түрде алуға, мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған
іс - шара кешені.
Жобаның басты мақсаты – Түркістан облысының аудан, ауылдық округ, ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы заңгерлік көмек беру, қызметтерді ыңғайлы алуға жағдай жасау, компьютерлік сауаттандыру (e.gov), аудан, ауылдық округ, ауыл болашағын жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып ашық талқыға салу, мемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету және қоғам тарапынан бақылауды күшейту.
Түркістан облысының аудан және ауылдық округ тұрғындары арасында жүргізілген анонимді сауалнамаға 231 адам қатысып, төмендегідей нәтижелерді көрсетті:

  • Сұралған 100% адамның 64% -ы аудан не ауылдық округ әкімін танымайтынын;
  • Тұрғындардың 72% - ы соңғы 6 айда мемлекеттік орган немесе әкімшілікке жүгінбегенін;
  • Сұралған респонденттердің 58% - ы әкімдік тарапынан заңға еңген жаңашылдықтармен өзгешеліктер бойынша хабарландыру жұмыстар жүргізілмейтіндігін;
  • Тұрғындарының 78% - ы аудан, ауыдық округке бюджеттен қаражаттың қаншалықты бөлінетіндігі, қаншалықты мақсатты жарататындығын білмейді және бұл ақпараттарды білгісі келетіндігін көрсетіп отыр.

Сауалнама қорытындысында көрсетілгендей, респонденттердің 72%-ы әкімдік немесе мемлекеттік органға жүгінбеген. Сұралған азаматтарда жер мәселесі, әлеуметтік қамсыздандыру саласы өзекті мәселе екені анықталып, дегеніменде тұрғындар мемлекеттік органдарға немесе әкімдікке жүгінбей отыр.
Бұл тұрғыда, әкімдіктің немесе жергілікті атқарушы органның азаматтармен кері байланысы жоқ екені және қызмет, консультация алудың ыңғайсыздығын көруге болады.
Сондай-ақ, тұрғындардың жартысынан көбі мемлекет тарапынан еңгізіліп отырған жаңашылдықтар мен өзгерістерден және сұралғандардың ¾-і жергілікті бюджеттің қаншалықты мақсатты жаратылатынынан бейхабар екенін көруге болады.
Осы орайда, жоғарыда көрсетілген кемшіліктер мен наразылықтарды шешуге бағытталған, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы – іс қимыл Агенттігінің Елбасы жолдауы негізіндегі бастамасымен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында «Ashyq Turkistan» жобасын енгізуді ұсынады.
Ұсыныстар:

1. Ауылдық округ әкімдіктерінде әр айдың үшінші жұмасы, сағат
09:00 ден 13:00-ге дейін халыққа консультациялық уақыт жариялау;

Анықтама үшін: Ауылдық округ әкімдігі және мемлекеттік органның барлық мамандары (ауылдық округ әкімін қоса)  ауыл тұрғындарына өзекті мәселелер бойынша (жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, білім саласы) кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

2. Ауыл тұрғындарын электронды мемлекеттік қызмет алуға баулу. Сауаттандыру жұмыстарын жүргізу.

Анықтама үшін: Жоғарыда көрсетілген консультациялық уақытта ауылдық округ әкімдігі аумағынан ашылған өз – өзіне қызмет көрсету бұрышы алаңында ауыл тұрғындарына e.gov электронды үкімет порталында қызмет алу ережелерімен таныстыру, қызмет алуды үйрету.

3. Ауыл тұрғындарына жылдық жоспарды, бас жоспарды, бөлінетін бюджеттік қаржыны жариялау.

Анықтама үшін: Ауылдық округ әкімі немесе жауапты мамандар консультациялық уақытта алдағы уақытқа жоспарланған іс – шаралармен тұрғындарды таныстыру. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының  қажеттілігіне бөлінетін қаржыны ұйым ғимараты ішіне баршаға көрінетін жерге ілу.

4. “Safe zone” аймағын құру.

Әкімдік немесе ауылдық клуб алаңында ауыл тұрғындарына, туристтерге арналған «қауіпсіз аймақ» құру. Аталған аймақта wi-fi желісі, стационарлық телефон орнату. Стационарлы телефондарда ауылдық, аудандық, облыстық стационарлы телефондарға қоңырау шалу мүмкіндіктерін жасау. Құрылғылармен кез – келген адам қолдана алатын жағдай жасау. Аймақты ауылдық округ әкімдігі тарапынан ашылған өзіне – өзі қызмет ету бұрышынан ашу.

5. Ұсыныстар банкі

Әкімдік ғимаратында барлық жұмыс уақытында қол жетімді болатын ауылдық әкімдік немесе мемлекеттік мекеме жұмысын оңтайландыруға бағытталған ұсыныстар салатын жәшік орнату және жобалық кеңсенің поштасын көрсету. Жәшікті пломбалау және айына 1 реттен кем емес уақытта «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне скан нұсқада жіберу.


Мерзімдер:
Жоғарда көрсетілген іс – шараның барлығын (Safe zone-нан басқа) ауылдық округ әкімдіктерінде  15 күнге дейін ұйымдастыруға толық мүмкіншіліктері бар.
“Safe zone” аймағын 30 күн ішінде ашу.
Шығындар:
Аталған іс – шаралаларға хабарландыру мақсатында баннерлер ілу.
“Safe zone” аймағына «Қазақтелеком» АҚ wi-fi және стационарлы телефонын құру айына 8000тг ден көп емес қаржыны талап етеді.
Тәуекелдер:
Қоғам өкілдерімен ұйымдастырылған жиындарда наразы топтың мемлекеттік мекеме жұмысына сын айту. Негативті көз қарастағы қоғам өкілдерімен кездесу.
Стационарлық телефондs ұзақ уақыт бір азаматтың босатпауы. Аталған мәселені шешу үшін, бір қоңырау – 5 минутта артық уақытқа созылмайтындығын көрсету.
Аталған іс – шараларды атқара отырып, мемлекеттік билік институты ретінде қоғам өкілдерімен кері байланыс орнатып, олардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарын ала аламыз. Сәйкесінше ашық және азаматтық қоғам орнатамыз. Сұрау және бақылау болған жерде қызмет сапасы артатыны сөзсіз.